АҚШ үкіметі сейсенбі күні жариялаған әлемдегі халық саудасын бағалау туралы есепте Қытайды қатты сынға алды. Бұл ең алдымен Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленіс тудыруы мүмкін деп күтілуде. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлап отыр.
АҚШ мемлекеттік департаменті шығарған бұл есеп көрсеткіште Қытай қолдауындағы мәжбүрлі еңбекке тарту, жыныстық сауда, Қытайдағы Солтүстік Корея азаматтарының зардап шегуі қатарлы деректері егжей-тегжейлі көрсетілген. АҚШ бұл істен алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл алдағы уақыттарда екі ел арасындағы жаңа шиеленісті тудыруы мүмкін. Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран қуатын шектеуде Қытаймен селбестік орнатып отырған АҚШ үшін бұл үлкен үмітсіздік алып келді. Бұл тіпті түбек мәселесінің шешім табуына да әсер етеді.
Есепте Қытайдың рейтингі үшінші орынға дейін төмендеген. Бұл есептік көрсеткішке Иран, Солтүстік Корея, Ресей және Сүрия да кіреді. Өткен жылғы Қытайдың бұл көрсеткіші екінші орында тұрған. Бағалауға 188 ел қатысқан. Мәліметтер 2016 жылдың сәуір айынан, 2017 жылдың наурыз айына дейінгі деректер топтастырылған.