ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, Сүрия мәселесін шешу жолында Қазақстан ешкімнің ықпалына түспейді. Астана процесінің өзі еліміздің ортақ іске қосқан үлкен үлесі болып саналады. Ал қақтығыс аймақтарына әскер жіберу мәселесі тек БҰҰ деңгейінде ғана қаралуы шарт.
"Сүрия дағдарысы шешу жолында Қазақстан да, Қырғызстан да ешкімнің ықпалына түспейді. Иә, қазіргі кезде аталған екі мемлекет БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына атсалысып келеді. Қазақстан мен Қырғызстан өз бітімгерлік күштерін 16 миссияның құрамында қызмет атқаруға дайындап жатыр. Аталған миссияларда 125 мың офицер мен солдат бар. Содан болар, Сириядағы деэскалация аймақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне келгенде Қазақстан мен Қырғызстан жайында айтыла бастады", - деді Әбдірахманов Еуразиялық медиа форумның бүгінгі сессиясында.