Бейсенбі күні АҚШ-тың Қорғаныс және мемлекеттік департаментінің бұрынғы қызметкері тыңшылық айыбымен қолға алынды. Бұл күдіктіге "Қытай барлау агенттеріне маңызды құпия қорғаныс мәліметтерін берді" деген айып тағылды. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлайды.

Тыңшылық айыппен қолға алынған америкалық Кевин Маллори Вирджиния штатының штаттан тыс кеңесшісі болып табылады. Оған бейсенбі күні Вирджиния штатының шығыс аудандарындағы АҚШ соты тарапынан тыңшылық айыбы тағылды. Оған қарата "қорғаныс құпия ақпараттарын жинады және шетелдік ақпаршыларға берген" деген күдік бар. Аталған мәселе бойынша Федералдық тергеу ісі қозғалды.

Десе де ол өз сотына ақтаушы адвокат жалдамайтын болған. Алайда, бұл АҚШ сот істері заңына қайшы болғандықтан, оған Гереми Гаменс атты адвокатты ақтаушы ретінде белгілеген. Маллори биыл 60 жасқа кеген. Егер сот барысында оның тыңшылық айыбы дәлелденсе онда Маллори өмірлік қамақ жазасына кесіледі.

Прокурорлардың айыптауына сенер болсақ, Маллори қытайлық ақпаршы агенттерге маңызды қорғаныс құпия материалын қамтыған үш құжат берген. Бұлардың ішінде біреуі аса жоғары дәрежелі құпия құжатқа жатады.

“The Qazaq Times”