Ресей «Ислам мемлекеті» лакестік ұйымын қанатты зымырандарымен атқылады.
Жерорта теңізіндегі ресейлік Адмирал Эссен және Адмирал Григорович фрегаттары мен Краснодар сүңгуір қайығы Сүрияның Хама провинциясындағы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының әскери базаларын атқылады. Салдарынан «Ислам мемлекеті» содырларының басқару бекеті, қару-жарақ қоймасы және бірнеше әскери техникасы істен шыққан.
Ресейлік әскерилер бұл жолы «Ислам мемлекеті» содырларына қарсы Калибр қанатты зымырандарын қолданған.