Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған брифингте Қазақстан мен Грузия арасында тату көршілік пен тұрақты қарым-қатынас орныққанын атап өтті.
– Бүгін осы жүздесудің болғанына қуаныштымыз. Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилидің сапары дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына орайлас келді. Соның аясында Грузия павильоны ашылады. Қазақстан мен Грузия арасындағы бүгінгі қарым-қатынастар тұрақты сипатқа ие болып отыр. Біз тарихи, достық ынтымақтастығымызды ешқашан үзген емеспіз, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті ауқымы кең мәселелер бойынша келіссөздер барысында «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында өзара тиімді іс-қимыл жасау мүмкіндіктері қарастырылғанын айтты.
Грузияны Қазақстан сияқты транзиттік мемлекетке айналдыруға мүмкіндік барын есекере отырып, Қара теңіз арқылы Еуропаға шығуға болады. Грузия арқылы өтетін газ бен мұнай көлік дәліздері де бар. Осыған орай Қазақстан компанияларына тиесілі Батуми мұнай терминалы мен портының мүмкіндіктері талқыланды.
Мемлекет басшысы бұл жол барлық мүдделі елдер үшін пайдалы болатынын және оның Қазақстанның көлік әлеуетін арттыра түсетінін айтты. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев гуманитарлық және білім салаларына қатысты қол жеткізілген уағдаластықтар туралы әңгімеледі.
















Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берген сәт
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы