АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Жорж Крол шілдеде Астана қаласында өтетін Сүрия келіссөздеріне әлі шақырту алмағандығын айтып отыр.
Астана қаласында өтетін Сүрия келіссөздерінің кезекті отырысы 4-5 шілдеге жоспарланған.
Жорж Крол: «Біз әзірге Қазақстан үкіметінен Сүрия келіссөздеріне байланысты ешқандай шақырту алған жоқпыз» - деді журналистерге.
Қайрат Әбдiрахманов Астана процесiнiң EXPO-2017 көрмесi кезiнде өтуiне ешқандай кедергi жоқ екенін айтқан болатын. Сондықтан, кездесудiң уақыты мен орны өзгермейдi. Министрдiң айтуынша, EXPO аясында өз алаңында Астана процесiнiң кезектi кездесуiн өткiзуге Қазақстанның әлеуетi жеткiлiктi.
Осы уақытқа дейiн Астанада Сүриядағы қақтығысты тоқтату мақсатында халықаралық деңгейде бiрнеше кездесу өткен болатын.


















Ұлттық құрылтай. Атауы қазақша болғанымен мазмұны президенттік бақылауда болмай ма?
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Гренландия мен Данияда Трамптың жоспарларына қарсы жаппай наразылық өтті
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр