Қазақстандық жұмыскерлер кәсіподақ ұйымдарына белсенді тіркеледі. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады.
«Қазақстанда кәсіподақтардың екі республикалық бірлестігі бар, онда 3 млн астам жұмыскер тіркелген. Бұл еліміздің барлық жалдамалы жұмыскерлерінің шамамен 50%. Бұдан өзге, 38 салалық, 23 аумақтық және 404 жергілікті кәсіподақ бірлестігі бар», - деп мәлімдеді вице-министр.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов Федерацияда бүгінгі таңда 2 млн-ға жуық жұмыскер барын жеткізді. Әсіресе ҚР Еңбек кодексі қабылданғаннан кейін жұмыскерлер Федерация қатарына белсенді қосыла бастаған. Жыл сайын олардың мүшелерінің саны 70 мыңға дейін артып келеді.
«Проблемалы құбылыстар бар жерлерде кәсіподақтар құру қажет. Бұл ең алдымен Еңбек кодексіне қатысты барлық мәселелер бойынша өз-өзін қорғай алатын ұжым», - деп есептейді Ә. Құсайынов.
















Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берді
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы