Ресми Астана маусымның 8-9 күндері аралығында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізбек.
Астанада өтетін саммитке Ресей, Өзбекстан, Қытай, Тәжікстан президенттері мен Үндістан және Пәкістан премьер-министрлері қатысады деп күтілуде. Ал Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың қатысу, қатыспауы жайында ешқандай ресми ақпарат тарамаған.
«АҚШ, НАТО, Европа елдері арасындағы қарым-қатынас дағдарысы кезінде ШЫҰ Үндістан мен Пәкістанның кіруі тарихи сәт.» деді ШЫҰ бас хатшысы Рашид Алимов ресейлік ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының бұл жолғы саммиті әлемдік геосаясатта үлкен өзгерістер алып келетіні сөзсіз. Олай дейтін сабабіміз НАТО, АҚШ, Европа елдеріның одағы әлсірей бастаған тұста, ШЫҰ-на атом бомбысымен қаруланған Үндістан мен Пәкістанның қосылуы бұл ұйымның әлемдік дәрежеде саяси салмағын арттырайын деп тұр.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Бесеудің соты: Қазақстандағы жаңа саяси репрессияның көрінісі
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?