УЕФА-ның техникалық бақылаушылары биылғы Чемпиондар Лигасындағы ең үздік голдардың ондығын жариялады. «Ювентус» футбол клубы мен Хорватия құрамасының шабуылдаушысы  Марио Манджукичтің Чемпиондар Лигасының 2016/17 маусымындағы мадридтік «Реалдің» қақпасына соққан голы турнирдегі ең үздік атанды.

Сонымен қатар, үздіктердің  қатарында Каземиро ("Реал" 3:1 "Наполи"), Томас Дилейни ("Копенгаген" 4:0 "Брюгге"), Арьен Роббен ("Бавария" 5:1 "Арсенал"), Гонсало Игуаин ("Монако" 0:2 "Ювентус"), Месут Озил  ("Лудогорец" 2:3 "Арсенал"), Антуан Гризманн ("Атлетико" 2:1 "Ростов"), Дани Алвес ("Ювентус" 2:1 "Монако"), турнирдің ең үздік шабуылдаушысы Криштиану Роналду  ("Реал" 2:1 "Спортинг") және  Алексис Санчестің ("Арсенал" 6:0 "Лудогорец") соққан голдары бар.

2016/17 маусымдағы Чемпиондар Лигасының жеңімпазы – финалдық кездесуде италиялық  "Ювентус" құрамасын 4:1 есебімен шаң қаптырған «Реал Мадрид» құрамасы.

“The Qazaq Times”