Австралияға сапарлай барған АҚШ сенаторы Джон Маккейн сол елдегі ABC арнасының тілшілігін қабылдағанда Ресей президенті Владимир Путин туралы ауыр сөздер айтып салды. Ол сөзінде «Путин ДАИШ-тан да қорқынышты қауіп» деп көрсетті. Бұл турасында "Түрік Теле-Радио" қызметінің сайты хабарлап отыр.
Америкалық сенатор Маккейн сұхбатында: «Путин алып Ресейдің демократиялық іргетасын құлатты. Өткен жылғы АҚШ демократиялық сайлауының нәтижесінің өзгеруіне бірден бір себепкер де Путин. Табысты болды ма, болмады ма – оған кесім айта алмаймын. Бірақ, бір білерім ол бұған әрекет етті», – деді.
Сұхбат барысында бастан аяқ Ресейді сөзбен түйреген Маккейн Франция сайлау ісіне де Ресейдің араласқанын алға тартты. Егемен ел Украинаны бөлшектеп, Балтық жағалауындағы елдерге де қысым түсіріп отырғанын айыптай кетті. Ол өзінің Трамп командасының кейбір қызметінен ұлттық қауіпсіздік тұрғы да алаңдайтынын да жасырған жоқ. Сөз соңында ол Ресейге күшті санкция салу керек деген пікірін білдірді.


















АҚШ пен Ресей арасындағы теңіздегі текетірес: «көлеңкелі флотқа» жататын Marinera танкерінің ұсталуы нені аңғартады?
Ирандағы наразылық: халық пен қауіпсіздік күштері қақтығысқа бет алды, адам өлімі артты
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Ирандағы наразылықтар және АҚШ-тың риторикасы: аймақтық қауіпсіздікке ықпалы
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Ирандағы толқулар және Түркияның ұстанымы: сақтық, прагматизм және геосаяси есеп