Осыған дейін АҚШ-тың ұшақ тасымалдағыш екі алып кемесі Тынық мұхитының батыс жағалауында жүргені мәлім еді. Аты шулы «Карл Винсон» авиаматкасы туралы бүкіл әлемдік ақпарат көздері жақсы білсе керек. Ал жақында АҚШ жақ өзінің үшінші алып авиаматкасын осы Корей түбегіне жақын Тынық мұхит алабына қарай жіберді. Бұл туралы «Парс.ақпарат» агенттігі Кореяның «Yonhap» агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
«Yonhap» агенттігі дүйсенбі күні АҚШ-тың алып авиаматкаларының бірі USS Nimitz атты ұшақ тасығыш кемесін Корей түбегіне жақын аймаққа жібергенін хабарлады. Салмағы 97 тонна келетін кеменің ұзындығы 333 метр. Кеме ядролық реакторы бар әлемдегі ең ірі соғыс кемесінің бірі болып саналады. Бұл кеме осыдан бұрында АҚШ-Корей бірлескен «Күшіген» әскери оқу-жаттығуына қатыстырылған болатын.
Кеше таңертең Солтүстік Кореяның зымыран сынағын жасауына қарсы жасаған АҚШ теңіз күштерінің жауабы болса керек. Сарапшылардың айтуынша АҚШ-тың ұшақ тасығыш үш бірдей кемесінің даулы аймаққа бірдей жіберілуі өте сирек кездесетін жағдай деп отыр.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?