Қырғызстанда президент сайлауының уақыты белгілінді деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.
Қырғызстанның қазіргі басшысы Алмазбек Атамбаевтың президенттік мерзімі осы жылдың желтоқсан айының 1 күні бітуі тиіс. Осыған байланысты қырғыздың «Ата-Мекен» оппозициялық партиясы сайлаудың екінші кезеңі мен инаугурацияны уақытында өткізу үшін президент сайлауын ертерек өткізу керектігін сұраған. Бұл ұсынысты Қырғызстан парламентіде қолдаған.
Ал бүгін ел президенті Алмазбек Атамбаев Қырғызстан қарулы күштерінің құрылған күніне орай өткізілген салтанатты шарада сөйлеген сөзінде «Төрт айдан соң, яғни 15 қазан күні Қырғызстан халқы өзінің жаңа президентін сайлайтын болады.» деп мәлімдеме жасаған.
Бұдан бөлек ол өзінің 6 жыл президент болып тұрғанда атқарған қызметтеріне қысқаша тоқталып. Осы 6 жыл ішінде Қырғызстан халқы өз жолын тапты деген.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?