Соңғы бір аптада Филипинде «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымымен Филипин әскері арасындағы қақтығыс салдарынан 42 адам көз жұмған деп хабарлайды СNN телеарнасы.
Филипин қарулы күштері өкілінің мәліметінше, өткен аптада «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымымен соғыс кездінде 19 бейбіт тұрғын, 11 сабраз, 4 полиция қызметкері көз жұмып, 61 лаңкестің көзі жойылған.
Осыған байланысты мамырдың 23 күні Филипин президенті Родриго Дутерте Минданао провинциясында әскери жағдай жариялаған болатын. Оның айтуынша бұл аумақта әскери жағдай бір жыл бойы сақталып тұруы мүмкін.
Өткені 200 мың тұрғыны бар Марави қаласындағы әскери қақтығыстан кейін. Бұл қаланың тұрғындары 38 шақырымда орналасқан көршілес Илиган қаласына қашуға мәжбүр болған.
Жергілікті билік Маравилік бейбіт тұрғындармен бірге Илиганға лаңкестерде кіріп кетуі мүмкін екендігін айтып, бүгін Илиган қаласына апаратын жолдарды жауып тастаған.