Тәжікстандағы ресейлік 201 әскери базада жыл аяғына дейін ұшқышсыз ұшақтар батальоны жасақталады, деп хабарлады "Интерфакс".
Орталық әскери округ қолбасшысы генерал-полковник Владимир Зарудницкийдің айтуынша, батальон қазіргі заманғы "Орлан" және "Элерон" кешендерімен жабдықталады. Владимир Зарудницкий қанша ұшқышсыз ұшақ жеткізілетінін нақтыламады.
Оның айтуынша, 201-ші әскери базаға "Ураган" реактивті жүйесі орнатылған. Бұл жүйе нысанды дәл көздеуге және таулы өңірде 35 шақырымдық нысанға дәл тигізуге мүмкіндік береді.
201-ші әскери база - Ресейдің шетелдегі ең ірі әскери нысандарының бірі. Оның бөлімдері Душанбе және Қорғантөбе қалаларында орналасқан. Екі жақты келісім бойынша, база Тәжікстанда 2042 жылға дейін болады.
Бұған дейін хабарланғандай, Ресей алғаш рет Тәжікстанға "Искандер-М" зымыран кешенін орналастырды. Ол "Душанбе — Антитеррор-2017" әскери оқуларында пайдаланылады. Оқулар 30 мамырда басталады.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?