Ресей Федерациясы Кеңесінің спикері Валентина Матвиенко "мемлекетке қарсы санкциялар жақын арада шегерілмеуі мүмкін" дейді. Ол бұл туралы "Известия" газетіне берген сұхбатында айтты.
"Жақын арада санкция шегеріледі деп ойламаймын. Дегенмен саяси және экономикалық логикаға сүйенсек, санкция алынуы тиіс. Ол ерте ме кеш пе әйтеуір жүзеге асады", - дейді Матвиенко.
Оның сөзінше, салынған санкциялар тек ресейлік экономикаға ғана емес, оны енгізген елдердің де экономикасына проблема туғызып отыр.
"Біз санкцияға байланысты туындаған қиындықтарды шеше білдік. Ұлттық экономика қайта жанданып келеді. Азаматтар бұл жағдай өмірімізге әсер етті деп есептемейді", - дейді ол.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы