Жапония мен Америка Құрама Штаттары сауда кедергілерін азайтып, өзара тиімділікті арттыру үшін сауда қарым-қатынасын дамытатын болады. Екі елдің арасындағы мұндай келісім Жапонияның экономика, сауда және өндіріс министрі Хиросигэ Сэко мен АҚШ өкілі Роберт Лайтхайзер арасында жасалды.
"Біз сауда кедергілері мен саудадағы деформация механизміне қарсы тұратын, екі ел үшін де тиімділігі бар сауда қарым-қатынасын дамытуға ықпал ететін келісімге келдік", - деп келтіреді Киодо агенттігі Хиросигэ Сэконың сөзін.
Айта кетейік, Жапония өткен жылдың соңында ғана ТрансТынық мұхиты серіктестігі туралы келісімді ратификациялаған еді. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп болса елді Транс Тынық мұхиты серіктестігінен шығару туралы жарлыққа қол қойды. Алайда Токио билігі АҚШ-ты қалай болғанда да келісімге қайта келуге көндіретінін айтқан. Сарапшылардың сөзінше, егер АҚШ ұйымға серіктестік жасамаса, басқа елдерде кеден салығын азайтуды қамтамасыз етіп отырған серіктестіктің маңызы болмайды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі