Өзбекстан алғаш рет халықаралық «АрМИ-2017» әскери ойындарына қатысады деп хабарлайды sputniknews-uz.com ақпарат көзі.

Шілденің 29 мен тамыздың 12 аралығында Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Әзербайжан, Қытай елдері аумағында өтетін «АрМИ-2017» әскери ойындарына Өзбекстан қарулы күштері қатысатынын мәлімдеді.

Өзбекстаннан бөлек «АрМИ-2017» әскери ойындарына алғаш рет Израиль, Лаос, Фиджи, Уганда, Сүрия сынды мемлекеттерде қатыспақ.

“The Qazaq Times”