Қытай Жібек жолы қорына тағы  100 миллиард юань (14,5 млрд доллар) бөлмек. Бұл туралы ҚХР төрағасы Ши Жинпин Пекинде өткен Жібек жолы елдерінің форумында мәлімдеген болатын.

Форум аясында өткен «Тығыз ынтымақтастыққа арналған саяси бірлескен қызмет» атты «дөңгелек үстел» жиынына қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ши Жинпин Еуразияда ежелгі Жібек жолын жаңа, заманауи форматта қайта жандандыру идеясы әлемде белең алып келе жатқан саяси, экономикалық және гуманитарлық дағдарыстарға берілген уақтылы жауап екенін атап өтті.

Форум барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың маңыздылығын айтқан болатын.

Сонымен қоса, Қытайдың мемлекеттік даму банкі жаңа Жібек жолының жобаларына 250 млрд юань аударуға дайын екендіктерін жеткізген.

“The Qazaq Times”