Евразиялық экономикалық одаққа мүше елдер халық санағын өткізуі тиіс деп хабарлайды Sputnik ақпарат көзі.
Евразиялық экономикалық одақтың коллегиясы ЕЭО мүше елдерде халық санағын өткізу жайындағы құжатты қарады. ЕЭО коллегия мүшесі Татьяна Валоваяның айтуынша, халық санағын өткізу одаққа мүше елдердің халқының саны мен құрамдас бөлігін анықтау үшін қажет екен.
Бұған дейін одаққа мүше Қазақстан, Ресей, Беларуссия, Қырғызстан, Армения елдері 2015 жылы 2019-2020 жылдары аралығында халық санағын өткізуге келіскен болатын.
Естеріңізге салайық соңғы рет Қазақстанда халық санағы 2009 жылы өткізілген. Санақ соңы үлкен шуға ұласып, сол кездегі ҚР статистика агенттігінің басшысы Анар Мешимбаева, ақша жымқырды деген айыппен 7 жылға сотталған болатын.