Ресей премьер-министрі Димитрий Медведев 22 мамыр күні Стамбұлда өтетін Қаратеңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ҚЭЫҰ) 25 жылдығына орай ұйымдастырылатын мемлекет және үкімет басшылары саммитіне қатысады деп хабарлады "Анатолы" ақпараттық агенттігі.

Ресей премьер-министрлік баспасөз офисінен жасалған мәлімдемеге қарағанда, жиналысқа қатысатын делегацияға Медведев басшылық жасайды.

Саммиттің күн тәртібін болса мүше мемлекеттер арасында шекарадан асатын құрлық жолы, теңіз мен энергия инфрақұрылымдарын жетілдіру мәселелерінен бастап, ынтымақтастықты тереңдету тақырыптары талқыланады.

Саммитте сондай-ақ қайта туындайтын энергия, жасыл технология, шағын және орта кәсіп орындарын ынталандыру, жергілікті әкімшіліктер және мемлекеттерінің экспорт күшін арттыру сияқты тақырыптар да қозғалады.

Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" жобасына барған Ердоғанның АҚШ перезиденті Трамрппен жолығуы Ресей Түркия арасындағы байланысқа қаншалықты әсер еткенін 22 мамырдағы бас қосудан көретін боламыз.

“The Qazaq Times”