Европа және Азия елдеріне бұрын соңды кездесіп көрменген жойқын вирустық кибершабуыл жасалды.
Белгісіз жойқын вирустық кибершабуыл Қазақстан, Индонезия, Жапония, Вьетнам, Филипин, Украина, Түркия, Португалия, Франция, Италия, Германия, Ұлыбритания, Испания елдеріне жасалған.
MalwareHunterTeam халықаралық кибер қауіпсіздің ұйымының мәліметінші белгісіз вирустан ең көп Ресей мен Тайван елдерінің мемлекеттік және жеке алпауыт компаниялары зардап шеккен. Атап айтқанда ресейлік «Мегафон», «Белайн» компаниялары мен РФ Ішкі істер министрлігі.
MalwareHunterTeam ұйымының хабарлауынша кибершабуыл WanaCrypt0r 2.0 бағдарламасы бойынша жасалған. Ал «Каспер зертханасы» компаниясының айтуынша, бір күнде белгісіз вирус арқылы әлемнің 74 еліне 45000 рет кибер шабуыл жасаған.
Әлемге вирустың жаңа түрімен кибершабуыл жасап отырған белгісіз хакерлер, зақымданған компьютерлерді қайта қалпына келтіру үшін әр қайсысына 600 доллардан қаржы сұраған.