Мамырдың 11-13 күндері аралығында Өзбекстан президенті Шавхат Мирзиеев  Қытайға іс сапармен барды деп хабарлады Өзбекстан СІМ баспасөз қызметі.

Іс сапар барысында Шавхат Мирзиеев Қытай басшысы Ши Жинпиңмен, Қытай мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен кездеседі деп күтілуде. Бұл кездесуде екі ел басшылары Орталық Азия мен әлемдегі саяси жағдай жайында сөйлеспек.

Бұдан бөлек Шавхат Мирзиеев пен Ши Жинпиң 20 млрд доллар көлеміндегі құжатқа қол қоймақ.

Ал мамырдың 14-15 күндері екі ел басшылары Бейжиңде «Бір белдеу-бір жол» атты экономикалық форумға қатысады.

“The Qazaq Times”