Палеонтологтар Қытайдың солтүстігіндегі аймақта қауырсынды динозаврдың қалдықтарын тапты. Денесін толықтай кәдімгі құстың қауырсынымен қапталған үлкен құстектес динозаврдың ұша алуы да мүмкін деген болжамдар келтірілген Nature Communications журналында жарияланған мақалада.
Бүгінде палеонтологтардың арасында құстардың арғы тектерінде қауырсынның қалай пайда болғандығы жайында ортақ тұжырым жоқ. Бір пікірде олардың жер бетіндегі өздерінен үлкен жауларынан қорғануы үшін көкті бағындырған делінсе, басқа ғалымдар олардың суықтан сақтануы үшін пайда болғандығын айтады.

© Julius T. Csotonyi 2017 / Xu, Currie, Pittman et al. 2017
Ал қаңқасы табылған динозавр құстардың арғы тегі болуы да мүмкін. Бойы кейде ересек адамдікімен бірдей, ал үлкендері 4 метрден де асатын бұл жаратылыс иелері туралы көне халықтардың аңыздарында да біраз ақпараттар мен тасқа қашалған суреттері де кездеседі. Кей аңыздарда «Тозақтың құсы» деген атаумен белгілі.

“The Qazaq Times”


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?