Қазақстан депутаттарының айлық еңбек ақысы елдегі ең төменгі жалақыдан 26 есе көп. Бүгін біз ТМД елдінің депутаттарының жалақысын салыстырып көруді жөн көрдік.
Қазақстанда бүкіл әлемдік дағдарысқа қарамастан халық қалаулылары 600-700 мың теңге көлемінде айлық алады. Ал еліміздегі ең аз жалақы 24 459 теңге. Бұл мысалмен айтқанда біздің депутаттар ауыл мектебінің күзетшісінен 26 есе көп айлық алады деген сөз.
Ал өзге елдердегі депуттаттар мен қарапайым халықтың ең төменгі жалақысы төмендегідей Қырғызстанда 29, Ресейде 49, Украинада 6,7, Белоруссияда 5,5 есе айырмашылық бар.
Ал Қазақстан депуттатарының айлық жалақысын ТМД мемлекеттеріндегі әріптестерімен салыстырсақ, Өзбекстан заң шығарушылары айына 2,9 млн сум (376 доллар), Қырғызстан депутаттары 33-34 мың сом (480-510 доллар), Тәжікстан халық қалаулылары 400 сомони (42 доллар), Ресейдің депуттатары 360 мың рубль (6380 доллар), Белоруссия заң шығарғыштары 1 800 рубль (950 доллар), Украина халық қалаулылары 17 650 гривна (650 доллар) жалақы алады.
Салыстыра келгенде біздің халық қалаулыларымыз Өзбекстан, Қырғызстан, Белорусь, Тәжікстан, Украиналық әріптестерінен бай, Ресейлік депутаттардан кедей екен. Кім біледі еліміздің экономикасы осылай қарыштап дами берсе Қазақстан депуттатарының жағдайы Ресейліктерден де жақсы болып кетер болашақта.
The Qazaq Times