КХДР өз тарихында ең үлкен әскери оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді деп хабарлады Солтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігі.
Сәуірдің 25-де өткен Солтүстік Корея әскерінің құрылғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған әскери оқу-жаттығу жұмыстарында 300-ден астам артиллериялық қару бір уақытта жойқын атыс жасаған. Бұл жолғы әскери жаттығуға Пхеньян өзінің соңғы үлгідегі әскери техникамен жабдықталған сүңгуір қайықтары мен бомбылаушы ұшақтарын қатыстырған.
«Біз осы жолғы әскери оқу-жаттығу арқылы өз күшімізді толықтай көрсеттік және корей халқының жауларына қарсы тұра алатынымызды дәлелдедік» деді Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын NHK теле арнасыннан сөйлеген сөзінде.
Соңғы уақытта Корей түбегінде Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы текетірес күн өткен сайын ушығып барады.
"The Qazaq Times"
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы