АҚШ әскери әуе күштері сәрсенбі күні Minuteman IIІ континент аралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізбек деп хабарлайды Washington Examiner ақпарат көзі.
Washington Examiner-дің айтуынша Minuteman IIІ баллистикалық зымыраны Калифорнияда орналасқан АҚШ әскери әуе күштерінің Ванденберг базасынан ұшырылады.
Осыған байланысты АҚШ әуе күштерінің өкілі бұл баллистикалық зымыранды сынақтан өткізу Солтүстік Кореядағы жағдайларға байланысты емес, біз бұны бір жыл бұрын жоспарлағанбыз деді.
Бүгінгі таңда ресми мәліметтер бойынша АҚШ-та 450 Minuteman IIІ континент аралық баллистикалық зымырандары бар. Minuteman IIІ баллистикалық зымырандарын 1970 жылы қолданысқа енгізілген ал 1978 жылы жаппай шығарылымнан алынып тасталған. Minuteman IIІ 12 мың километр шаршы аумақты жарып жіберуге қауқарлы.
Қазір Корей түбегіндегі Пхеньян мен Вашингтон арасындағы саяси ахуал күн өткен сайын ушығып барады.
The Qazaq Times


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті