Қытай ресми ақпарат көздерінің хабарына қарағанда, ҚХР басшысы Ши Жиниң (Си Цзиньпин) АҚШ президенті Дональд Трампты Солтүстік Корея мәселесінде сабырлы болуға шақырған. Оған қоса ресми Бейжің тарабының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын бұзатын әрқандай әрекетке қарсы екенін білдірген.
“The Wall Street Journal” басылымының хабарына қарағанда, кеше 24 сәуір күні АҚШ-Қытай басшылары телефонда сөйлескен. Бұл аталған бір мәселе турасында екі апта ішінде қос тараптың екінші рет телефон арқылы кеңесуі. Әзірге дейін үш мәрте қоңырау шалысқан екі басшы осы айдың бас шенінде Флоридада кездесу өткізгені де белгілі. Алайда, Солтүстік Корея мәселесінде екі басшының ойы бір жерден шықпаған болатын.
Қытай басшысымен телефонда кеңесуі аяқтала салысымен, Трамп Жапонияның Бас уәзірі (премьер-министрі) Шинзо Абэмен (Shinzo Abe) де хабарласып кеңес өткізген. Қоңыраудан кейін жапон премьері хабарлама жариялап, Трамптың сөз әрекетінен оның барлық мүмкіндіктерді қарастырып жатқанын байқауға болатынын айтқан.
Қытай ресми ақпарат көздерінде, Қытай басшысының: «Корей түбегі мәселесінде барлық тарап жағдайды ушықтыратын әрекеттерден бас тартуы керек. Екі ел басшылығы тығыз байланысты сақтауға келісті», – деген сөзі жария болды.
Ақ үй қатысты хабарларды әр елдегі елшіліктерінің ресми веб-сайттарында жариялап тұратындығын айтты.
The Qazaq Times


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны