Бүгінгі таңда елімізде дәстүрлі емес ислам ағымдарымен күресу керектігі жайында жиі айтылып жүр. Бұл соңғы уақытта Қазақстанда жалпы әлемде болып жатқан террорлық әрекеттерге байланысты екені белгілі. Бірақ, бұл күнде елімізде дәстүрлі емес ислам ағымдарынан бөлек, басқада діни секталардың бар екендігін естен шығарып алған тәріздіміз. Бүгін біз қазақ қоғамына өзінің кері әсерін тигізіп, халық санасын улап жатқан сол діни секталарға тоқталуды жөн көрдік.

Қазақстан тәуелсіздік алыған 26 жыл ішінде елімізге кім кірмеді дейсіз «Иегова куәгерлерінен» бастап, «Кришнайт», «Новапостоль шіркеуі», «Иудизм», «Методистер», «Бахаи», «Муна бірлестігінің шіркеуі» сынды біз аттарын білетін  аттарын өмірі естімеген діни ағымдар қаптап келді. Олар келіп қана қоймай қазақ қоғамының бөлшектеуге өз күштерін сала бастады. Мысалы соңғы ресми мәліметтерге сүйенсек елдегі сәләфиттер саны 15 мыңнан асып жығылыпты, бұл үлкен күш олармен күресу керек деп шулап жүргенде, «Иегова куәгерлері»  17 мың Қазақстан азаматының санасын улап, еліміздің түкпір, түкпірінде 60-тан астам бөлімшесін ашып үлгерген. Бүгін дәстүрді жоққа шығарып жүрген тек өздерінің ойдан шығарған қағидаларына ғана бағынатын қалың топ бір-бірімен жауласып, күш көрсетпесіне кім кепіл. Әрине құдай оның бетін ары қылсын бірақ, дәл сондай жағдай орын алатын болса, кінәні қазіргідей сыртқы күштерге жаба алмай қаламыз. Ол кезде кінәліні іздеудің өзі кеш болады. Ал бұндай діни ұйымдар елімізде өте көп, оларға қанша адам кіріп кеткенін дөп басып айту қиын. Бір ғана Алматы қаласының өзінде 115 діни ұйым тіркелген екен ал оны бүкіл республикаға шашып кеп жіберсеңіз қандай сандар шығатынын көз алдыңызға елестете беріңіз. 17 миллионнан сәл ғана астанын халқы бар елге осыншама діндәрларды кіргізудің қаншалықты қажеттілігі болды. Әлде қазаққа құдайды тану үшін әлемнің бар дінін тайраңдатып қою керек пе елінде?. Сұрақ көп, жауап жоқ...

Қазір қай жерді ашып қалсаңда мейлі ол тв, газет, журнал, радио, сайт, әлеуметтік желі болсын барлық жерде ҚМДБ-дан бастап, күштік құрылымдарға дейін тек бір іспен айналысып жатыр. Ол исламның өзге ағымдарына кіріп кеткен адамдарды кері дәстүрлі исламға қайтару. Иә бұл құптарлық дүние, кеш болсада өте орынды жұмыс. Бірақ, жоғарыда айтылып кеткен 17 мың Иегова куәгерлерін кім, қашан, ата дінімен қазақы салтына қайтарады? Әлде міндетті түрде Ақтөбеда атысып, Сүрияға барып соғысқандарын күту керек пе? Сақалын сапситып, балағын шорт кесіп, қымтанып оранғандармен қатар, үстіне үндінің сариін киіп, маңдайына бояуын жағып, сиырға табынып, шіркеуде ән айтып жүрген қаншама қазақ жүр бұл елде. Бәрін айтта, бірін айт біздің билікке жоғарыда аталған діни ұйымдармен «жараның жарылғанын» күтпей, күресті қазірден бастаған дұрыс шығар. Құдайсыз КСРО-дан құтылғанда көп құдайлы Қазақстан құрып алмаудың қамын ойлау керек. Рухани жаңғырудан бұрын, рухани қаңғырудан сақтанған абзал.

"The Qazaq Times"