Жанболат Мамайдың адвокаты Ернар Кенжебаев негізгі сот талқылауы кезінде қорғауындағы азаматтың құқығы бұзылғанын айтып, Конституциялық сотқа шағымданды.
Адвокат қорғау құқығы бұзылды деп есептейді, өйткені прокурор алдымен орташа ауырлықтағы баптармен айыптау қорытындысын шығарды, содан кейін оларды сот талқылауы кезінде ауыр деп санады, бұл сот пен заң алдында барлығының тең болуына мүмкіндік беретін Конституцияға қайшы.
Сонымен қатар, Жанболат Мамайға қойылған шектеулер де оның азаматтық және саяси құқықтарын таптау деп санаймыз.
Сондықтан, Жоғары сотқа касациялық шағым түсірместен бұрын, Конституциялық сотқа жүгінуді жөн санадық.
Бұл шағымнан бөлек, Жанболат Мамайдың өзі Бостандық сотына қоғамдық-саяси және журналистік қызметпен айналысуға тыйым салуға қатысты үкімін нақтылау туралы өтініш жазған. Атап айтқанда, сотқа оның құқық қорғау қызметімен айналыса ала ма, азамат ретінде сұхбат беруге құқығы бар ма, жоқ па деген сұрақтар қойылды. Сот отырысы онлайн режимде 15 қыркүйекке белгіленді.