Бүгін, 6 қыркүйекте Ресей әскері Донецк облысы Константиновка қаласындағы базарға артиллериямен шабуылдап, кемі 16 адам қаза тапты. Бұл туралы Азаттықтың Украина қызметі хабарлады.
Бұдан бөлек, жергілікті билік 28 адамның зардап шеккенін айтады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский шабуылдан қаза тапқандар саны өсуі мүмкін екенін мәлімдеді.
"Ресейлік террористердің артиллериясы Донецк облысы Константиновка қаласында 16 адамды өлтірді. Қарапайым базар, дүкендер, дәріхана. Жазықсыз адамдар. Жараланғандар көп. Өкінішке қарай, қаза тапқандар мен жараланғандардың саны өсуі мүмкін" деді Зеленский.
Украина премьер министрі Денис Шмыгаль қаза тапқандардың бірі бала деп хабарлады.
Ресейдің кремлшіл телеграм каналдары "Константиновка қаласында Оңтүстік-Сахалиндік 38-әскери корпусы шабуылдап, жанар-жағармай сақталған қойма жойылды" дейді.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні