Журналист Думан Мұхаммедкәрім екі айға қамалды. Оған бұлтартпас шарасын қолдану туралы сот 22 маусым түнгі сағат 10-да өткен. Бұл жөнінде Азаттыққа адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлады. Түнгі сағат 11-де журналист Талдықорғанның тергеу изоляторына этаппен жіберілген.
Журналист Думан Мұхаммедкәрім 22 маусымда 25 күндік әкімшілік қамау мерзімі аяқталғаннан кейін бірден ұсталған. Ол "тыйым салынған ұйымның ісіне араласу" (405-бап, 2-бөлік) және "экстремизмді қаржыландыру" (258-бап, 1-бөлік) істері бойынша күдікті деп танылған. Істің қозғалуына журналистің қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязовтан сұхбат алуы түрткі болған деп айтылады.
Құқық қорғаушылар билікті қатаң сынап жүрген журналистке ашылған істің саясиланғанын айтады.
Бұған дейін адвокаты жуырда ғана аштығын тоқтатқан Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы нашарлағанын айтқан.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?