Өскеменде полиция ұлдарының өлімін әділ тергеуді талап етіп, пикетке шыққан екі зейнеткерді ұстады. Бұл турала Азаттық радиосы жазды.
Зейнеткерлер таңертең мәслихат сессиясы өтетін ғимарат алдына келіп, 2013 жылы қаза болған ұлдарының өлімін тергеуді талап еткен.
“Полицейлер ұстаған кезде оларға күш қолданған (шынтақпен бетті ұрған). Валентина Тарасованың телефонын тартып алған. Оның қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем көлігі шақырылған. Сырылған жерлері тіркелді. Осының бәрін Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тұмашинов үнсіз бақылап тұрды. Ол сайлауалды науқан кезінде сайлаушыларын қорғауға уәде беріп, Тарасовтарға да келіп, өзін қолдауды сұраған еді” деп жазды құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов.
Оның айтуынша, Тарасовтарды полицияда үш сағат ұстаған. Ұстау туралы хаттама толтырылмаған, зейнеткерлер адвокатты шақыруды талап еткенмен талаптары орындалмаған.
Полицияда Валентина Тарасованың жағдайы нашарлап, жедел жәрдем көлігі шақырылған. Дәрігерлер оны ауруханаға алып кеткен. Кейін сол жақтан екі зейнеткер үйлеріне қайтқан.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр