Былтыр 23 желтоқсанда Алматыда Бостандық ауданының №2 соты қарай бастаған аса ауқымды қаңтаршылар ісінің жарыссөз кезеңі өтті. Айыпталушы ретінде танылған 25 қаңтаршының бірі – 20 жастағы Думан Қанатбек 5 қаңтарда оққа ұшқан, қалған 24-і тірі. Прокурор күрделі іске қатысушыларға қатысты соңғы айыптау актісін таныстыры. Ол қаңтаршының бәрін (марқұм Қанатбекті қоса алғанда – QT) кінәлі деп тануды, 10 адамға қамақ жазасын сұрады.
Айыпталып жатқан қаңтаршылардың кемі 18-і процесс басында-ақ өзіне тағылған айыппен келіспейтінін, жала деп есептейтінін мәлімдеген.
QT редакциясы ашық сот процесінің 40 шақты отырысын үздіксіз бақылап келеді. Сот жарыссөзіне дайындалуға үш мәрте сұранып, жарты айға кешіккен прокурор Берік Ильясов осы апта айыптау актісін оқыды. Сот процесінің түгел дерлігіне онлайн қатысқан мемлекеттік айыптаушы судья Дәурен Мәукеевтің шақыртуымен 28 сәуірде көктем шыққалы (23 қаңтардан бері – QT) залға алғаш келді. Ондаған отырыстың тек бірді-екілісіне аяқтай келіп қатысқан Ильясов көбіне ZOOM ресурсынан қосылады.
Айыпталушылардың көпшілігі жастар. Қаңтар оқиғасы кезінде ең жасы 17-де, ең ересегі 47-де болған. Басым бөлігіне Қылмыстық кодекстің 272-бап («Жаппай тәртіпсіздік»), 188-бап («Ұрлық») және 291-бап («Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу»), т.б. айыптар тағылған.
670 томнан тұратын «24+1 соты» тура төрт ай қаралды. Сот тергеуі, талқылау, саралау кезеңдерінде көптеген кемшіліктер анықталды. Марқұм Қанатбектің ісінде жалған құжаттар жасалғаны әшкереленді. Іске дәлелдеме ретінде тіркелген бірқатар бейнематериалдар техникалық ақау себепті талқылаусыз қалды. Көптеген өтінішхаттар дер уақытында қаралмай, кейінге шегерілді.
25 қаңтаршының бесеуі ІІМ Қылмыстық атқару жүйесінің №72 мекемесінде қамауда отыр, процеске ZOOM ресурсымен қатысып жүр. Біреуі марқұм, қалған 19-ы сотқа дейін қолхатпен босап шыққан.
Прокурордың соңғы айыптау актісінен...
Мемлекеттік айыптаушы Берік Ильясов қаңтаршылардың бәрін кінәлі деп тануды сұрады. Сонымен қоса, әрқайсынан жәбірленушілердің өтемақы қорына 20 АЕК, яғни 69 мың теңгеден өндіруді талап етті. Прокурор 25 қаңтаршыға сұраған жауаптылық тізімі мынадай:
- 21 жастағы Азамат Амангелдиевті Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-ші және 3-бөлігімен, 291-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен, 24-бабының 3-бөлігі – 291-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен, 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп тануды, рақымшылық заңы аясынды жиынтық есебі түпкілікті 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, жазаны қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтеуді сұрады.
- 21 жастағы Азат Увалиді Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2- бөлігімен, 291-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен, 24-бабының 3-бөлігі – 291-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен, 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп тануды, рақымшылық заңы шеңберінде жиынтық есебі түпкілікті 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, жазаны қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтеуді сұрады.
- 21 жастағы Дастанбек Жайылғановты Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2- бөлігімен, 291-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен, 24-бабының 3-бөлігі – 291-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен, 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп тануды, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, жазаны қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтеуді сұрады.
- 20 жасында оққа ұшқан Думан Қанатбекті Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2- бөлігімен, 291-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен, 24-бабының 3-бөлігі – 291-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен, 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп тануды сұрады. Марқұм қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауаптылыққа жатпайды.
- 18 жастағы Тілеубек Игіліковті Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігімен, 291-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен, 24-бабының 3-бөлігі – 291-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен, 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп тануды, рақымшылық заңы шеңберінде түпкілікті 2 жылға шартты түрде босатуды, пробация бақылауына алуды сұрады.
- 33 жастағы Мерей Сайлаубек-Тегіні Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2- бөлігімен, 291-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен, 24-бабының 3-бөлігі – 291-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен, 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен және 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп тануды, рақымшылық заңы шеңберінде жиынтық есебі түпкілікті 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, жазаны қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтеуді сұрады.
- 25 жастағы Қанат Әбубәкіровті Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп тауып, түпкілікті 1 жылға шартты түрде, пробация бақылауымен босатуды сұрады.
- 36 жастағы Тахиржан Мусалимовты Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп тауып, түпкілікті 1 жылға шартты түрде, пробация бақылауымен босатуды сұрады.
- 25 жастағы Ерасыл Сыдықты Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, түпкілікті 1 жылға шартты түрде, пробация бақылауымен босатуды сұрады.
- 25 жастағы Жамбыл Тоқтарбаевты Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп тауып, түпкілікті 1 жылға шартты түрде, пробация бақылауымен босатуды сұрады.
- 25 жастағы Айдын Әлімғалиді Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп тауып, түпкілікті 1 жылға шартты түрде, пробация бақылауымен босатуды сұрады.
- 26 жастағы Қыдырбай Наурызбайды Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігімен және 380-бабының 3-бөлігінің 1, 4, 8-тармақтарымен кінәлі деп тауып, түпкілікті 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды, жазаны қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтеуді сұрады.
- 19 жастағы Саян Нурдилданы Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігімен, 380-бабының 3-бөлігінің 1, 4, 8, 9-тармақтарымен және 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп тауып, түпкілікті 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды, жазаны қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтеуді сұрады.
- 24 жастағы Арман Мырзақұловты Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп тауып, түпкілікті 1 жылға шартты түрде, пробация бақылауымен босатуды сұрады.
- 48 жастағы Қанат Абайдуллаевты Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-ші және 3-бөліктерімен кінәлі деп тауып, түпкілікті 1 жыл 3 айға шартты түрде, пробация бақылауымен босатуды сұрады.
- 46 жастағы Самат Нұрмұхановты Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігімен, 187-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, түпкілікті 1 жыл 3 айға шартты түрде, пробация бақылауымен босатуды сұрады.
- 31 жастағы Жасұлан Амагелдинов Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-ші және 3-бөліктерімен кінәлі деп тауып, түпкілікті 1 жыл 3 айға шартты түрде, пробация бақылауымен босатуды сұрады.
- 35 жастағы Асқат Қарабалаевты Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-ші және 3-бөліктерімен кінәлі деп тауып, түпкілікті 1 жыл 3 айға шартты түрде, пробация бақылауымен босатуды сұрады.
- 28 жастағы Береке Қанғановты Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-ші және 3-бөліктерімен кінәлі деп тауып, түпкілікті 1 жыл 3 айға шартты түрде, пробация бақылауымен босатуды сұрады.
- 28 жастағы Ерсін Чебентаевты Қылмыстық кодекстің 200-бабының 3-бөлігмен, 269-1-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен және 272-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп тауып, түпкілікті 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, жазаны қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтеуді сұрады.
- 46 жастағы көпбалалы әке, ауыл шаруасы Ғалымбек Бисаевты Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігмен кінәлі деп тауып, рақымшылықпен түбегейлі босатуды сұрады.
- 40 жастағы Мейіржан Мұсабаевты Қылмыстық кодекстің 291-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен, 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен, 269-1-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен, 24-бабының 3-бөлігі – 291-бабының 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарымен, 188-бабының 3-бөлігінің 2, 3-тармақтарымен, 272-бабының 2-бөлігімен, 287-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп тануды, рақымшылық заңы аясынды жиынтық есебі түпкілікті 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, жазаны қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтеуді сұрады.
- 28 жастағы Манас Ысқақты Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі – 291-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен, 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп тануды, рақымшылық заңы аясынды жиынтық есебі түпкілікті 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, жазаны қауіпсіздігі барынша төмен түзету мекемесінде өтеуді сұрады.
- 37 жастағы Нұржігіт Рысбаевты Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп тауып, түпкілікті 1 жылға шартты түрде, пробация бақылауымен босатуды сұрады.
- 20 жастағы Назар Ұзақбаевты Қылмыстық кодекстің 291-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен, 269-1-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен, 272-бабының 2-бөлігімен, 287-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп тануды, рақымшылық заңы аясынды жиынтық есебі түпкілікті 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды, жазаны қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтеуді сұрады.
Бірінші санаттағы заңгер, капитан лауазымды Берік Ильясовтің пікірінше, марқұм Думан Қанатбек те айыпты. Қазірге дейін уақытша ұстауда отырған 5 азаматтың тек біреуін, Арман Мырзақұловты шартты түрде босатуды ұсынды. Сот прокурордың сұрауын қанағаттандырған күннің өзінде қалған төртеуі Саян Нұрдилда, Ерсін Чебентаев, Мейіржан Мұсабаев, Назар Ұзақбаевтың бір жылдан аса қамауда болғанын ескеріп, жаза мерзімі едәуір қысқаруы мүмкін. Сондай-ақ прокурор айыптауымен қамақ жазасы тағайындалғандар қатары 10 адамға жетпек. Ол қазір қолхатпен бостандықта жүрген Азамат Амангелдиев, Азат Ували, Дастанбек Жайылғанов, Мерей Сайлаубек-Тегі, Қыдырбай Наурызбай, Манас Ысқаққа түзету мекемесінде өтеуін қалайды.
Жәбірленушілер позициясы
Прокурор оқыған айыптау актісін жәбірленушілердің түгел дерлігі қолдады. Бірақ олардың шығын өтемін өндіру жөніндегі талап-тілегін процестен тыс азаматтық тәртіпте бөлек жүргізу керектігін айтты.
Алматы қаласы әкімдігі:
- Әкім аппараты
- Қалалық мобилділік басқармасы
- Құрылыс басқармасы
- Қаржы басқармасы
- Экология және қоршаған орта басқармасы
- Білім басқармасы
- Цифрландыру басқармасы
- Жастар саясаты басқармасы
- Қоғамдық даму басқармасы
- Мемлекеттік активтер басқармасы
- Мәдениет басқармасы
- Дін істері жөніндегі басқармасы
- Өңірлік коммуникациялар қызметі КММ
- Алматы қаласы шаруашылық басқармасы ЖШС
Өзге мекемелер:
- ҚР Президент аппараты
- Президент резиденциясы
- Үкіметтік байланыс қызметі
- Алматы қ. Полиция департаменті
- ҰҚК Шекара қызметі
- ҚР Мемлекеттік күзет қызметі
- «Анна» ЖШС
- «Скиф Трейд» ЖШС
- «Көркем Телеком» ЖШС филиалы «Сергек-Алматы»
- «Инструмент» ЖШС
- «Қорған Орталық» ЖШС
- «Оружейник» ЖШС
- т.б. құқық қорғау органдарының бірнеше өкілі.