15 сәуір таңертең Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Вакаяма қаласында сөйлеп тұрған кезде оған біреу жарылғыш зат лақтырды. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді, шара өтпей қалды. Бұл туралы Азаттық радисы жазды.
Лақтырылған зат түтін құтыға ұқсас, деп жазды Kyodo News. Премьер-министр басқарушы партия кандидатымен сөйлесіп отырған кезде жарылыс дыбысы естілген. Оқиғадан кейін Кисида бірден эвакуацияланған. Шабуылдаушыны полиция ұстаған.
Видеода бірдеңенің қатты жарылғаны және адамдардың жан-жаққа қашып жатқаны көрінеді. Ал бірнеше полицей шабуылдаушыны жерге жатқызып ұстайды.
Кисидаға шабуыл бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэге жасалған қастандықтан кейін бір жылдан астам уақыт өткен соң жасалып отыр. Былтыр шілдеде басқарушы партияның кандидатын қолдаған митингіде сөйлеп жатқан кезде Синдзо Абэге екі рет оқ атылған. Абэ ауруханада қайтыс болды. Оған Нара қаласында қастандық жасалған. Ал Вакаяма көрші аумақта орналасқан.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?