Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов биыл парламент мінберінде жасаған баяндамасында Қаңтар оқиғасында Алматыда әуежайға барған Әйгерім Тілеужанның конституциялық құқығы – кінәсіздік презумпциясын бұзып, сот үкімінсіз оны «діни экстремистік ұйымдардың мүшесі» деп айыптай мәлімдеген.
Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісовті Алматы әуежайын басып алуды ұйымдастырушы деген. Бұл жөнінде Тілеужанның адвокаты Айнара Айдархан тиісті мекемелерге, тіпті Сенатқа шағым түсірген.
Сондай-ақ, бас прокурордың судья рөлінде таратқан [іс сотқа жолданбастан бұрынғы] ақпаратына наразы белсенді азаматтар 20 қаңтарда «Бас прокурор Берік Асылов қызметінен кетсін» деген онлайн петиция жариялаған.
Конституцияның 77-бабында «адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі» деп нақты көрсетілген. Сарапшылар бас прокурор Асыловтың БАҚ өкілдерін пайдалана отырып осы заңды бұзғанын өрескел, жауапкершілікке тартылуы тиіс қате әрекет деп бағалайды.
Журналист Әйгерім Тілеужан мен тарихшы-педагог Қалас Нұрпейісов Қаңтар оқиғасы байланысты «Әуежайды басып алмақ болды» деген күдікке ілінген. Әйгерім Тілеужан да, Нұрпейісов те сол күні әуежайға барғанын мойындаған, бірақ тергеу таққан айыптарды жоққа шығарды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы