АҚШ Сыртқы істер министрлігі Иракқа құны 295 млн 600 мың АҚШ доллары тұратын қару сатып беретіндігін жариялады. АҚШ Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің берген мәліметіне сенсек әскери техникаға қажеттілігі үшін қару-жарақ сатып алу талабын Ирак үкіметі қойған екен. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттық агенттігінің ресми сайты хабарлап отыр.
Құны $295600000 тұратын қару-жарақ әскери көліктер, автомат, пулемет сондай-ақ өзге де ауыр құралдарды қамтиды. Сатып алынған қару-жарақ Ирактағы Күрд аймақтық әкімшілігінің қажеттілігіне жұмсалады делінген.
Құрама Штатта арнайы жасалған әскери сауда-саттық бағдарламасы бар екені белгілі. Орта-Шығыс, Солтүстік Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия қатарлы аймақтағы елдерге әскери техникалар мен қару-жарақ саудасында АҚШ пен Ресей бәсеке орнатып келеді. АҚШ-пен Ирак арасында 2005 жылдан бері қару-жарақ саудасы жасалып келеді. Содан бері екі ел арасында құны 22 млрд доллар қару-жарақ саудасы жасалған екен.
The Qazaq Times