АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 28 ақпан - 3 наурыз аралығында Қазақстан, Өзбекстан және Үндістанға ресми сапармен барады деп хабарлады АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
28 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді. "Бұл – оның Қазақстанға алғашқы сапары" деп хабарлады 24 ақпанда Қазақстан сыртқы істер министрлігі.
Ведомствоның хабарлауынша, Астанада АҚШ мемлекеттік хатшысын президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Мемлекеттік хатшы Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты келіссөз жүргізеді. Сол күні Астанада Блинкен мен Орталық Азия елдерінің сыртқы саясат мекемелері басшылары қатысатын С5+1 форматындағы кездесу өтеді. Онда өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестікті дамыту мәселелері талқыланады.
АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, Блинкен 28 ақпан және 3 наурыз аралығында Қазақстанмен қатар Өзбекстан мен Үндістанға да сапарлайды. Ол Астанада қазақстандық ресми тұлғалармен кездесіп, екіжақты әріптестікті нығайту мәселелерін талқылайды.
C5+1 форматындағы кездесуге қатысып, АҚШ-тың Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдаудан айнымайтынын жеткізбек.
С5+1 – Орталық Азиядағы бес ел (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан) және АҚШ арасындағы қарым-қатынастың форматы. Бұл формат аясында алты ел экономика, экология және қауіпсіздік жөніндегі мәселелерді талқылайды.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі