10 қаңтарда 2022 жылдың 5- қаңтарында "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды", "Алматы әуежайын басып алмақ болды" деп айыпталып үй қамақта отырған тәуелсіз журналист Айгерім Тілеужанның адвокаты Айнара Айдархан Астана қаласында баспасөз конференциясын өткізді.
Адвокат Айнара Айдархан "Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Әйгерім Тілеужанның конституциялық құқығы - кінәсіздік презумпциясын бұзды" деп мәлімдеді. Оған себеп болған 5 қаңтарда Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов парламент мәжілісінде Қаңтар оқиғасы бойынша депутаттар алдында баяндама жасағанда журналист Айгерм Тілеужан мен тарих пәнінің мұғалімі Қалас Нұрпейісті экстремитік топтың мүшесі ретінде "Алматы әуежайын басып алды" деген болатын.
Тергеудің енді аяқталып істің әлі сотқа жетпегенін алға тартқан адвокат Айнара Айдархан: - Бас прокурор Берік Асылов мәжілістегі сөзінде Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісовті Алматы әуежайын басып алуды ұйымдастырушы деп көрсетті. Тергеу енді ғана аяқталды, сот та болған жоқ. Бірақ бас прокурор Әйгерім Тілеужанды қазірдің өзінде кінәлі деп жариялап жіберді. Бас прокурор осы арқылы қоғамдық пікір қалыптастырып, сот шешіміне ықпал еткісі келетін сияқты. Кімнің кінәсі қандай екені тек сот үкімінде ғана айтылады,- дейді.
Журналист Әйгерім Тілеужан былтыр, 2022 жылы қараша айында Қаңтар оқиғасы байланысты күдікте ретінде сот шешімімен үйқамаққа алынған. Бірнеше ай бойы оны "Алматы әуежайын басып алмақ болғандар ісі бойынша" қылмыстық іске куәгер ретінде тартып, кейін күдікті санатына ауыстырған.
Әйгерім Тілеужанның адвокаты Айнара Айдархан 3 қаңтарда Айгерім Тілеужанның марқұм, дисидент Арон Атабектің қырқы нәзірінен шыға бере ұсталып 5 күні кешке қарай босатылғанын ескере отырып, оны "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды" деудің қисыны жоқ. "Өйткені ол Алматыда Қаңтар оқиғасы басталар алдында әкімшілік жазамен қамауда отырған,-дейді. Әрі "- Ол қамаудан шыққан соң Қазақстанға Ресей әскері келеді дегенді естіп, ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін әуежайға барған. Онда ешкім жауап бермеген соң, 20 минуттан кейін кетіп қалған,- деді.
Тура осы айыппен тарих пәнінің мұғалімі Қалас Нұрпейісовте "Әуежайды басып алмақ болды" деген күдікке ілінген. Қаласта марқұм Атабектің нәзіріне барып Айгеріммен бірге қамалған. Әйгерім Тілеужан да, Нұрпейісов те сол күні әуежайға барғанын мойындайды, бірақ тергеу таққан айыптармен келіспейді.
Қазақстан конституциясының 77-бабында "адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі" деп көрсетілген.
Айгерім Тілеужан тәуелсіз журналист, қоғамдық белсенді, өз көзқарасын ашық айтып, экс-перзидент Назарбаев пен қазіргі президент Тоқаевты және олар құрған жүйені жиі сынап, түрлі қарсылық митнгілерді ұйымдастырып, қайтысып келген. Оның қудалануының саяси себебі болуы мүмкін.