Талдықорғанда қаңтар қырғыны кезінде ұсталғандарды азаптады деп айыплған 5 полицейді тыңдайтын кезде соттан журналистерді шығарып жіберді.
23 желтоқсанда Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сот залында өтіп жатқан азаптау ісі бойынша 23-ші реткі өтіп жатқан сот отырсында судья Бекмұрат Дүйсенбеков «Қаңтар қырғыны» кезінде қамалғандарға үтік басты деп айыпталған Айдын Кенжебаевтың адвокаты Руслан Есейбековтің бейне және аудио жазба түсіруге қарсылығын қанағаттандырды.
"Құрметті сот! Біз сотталушыларды сұрамас бұрын, бейне-аудио жазба жазуға қарсымыз. Себебі бұның барлығы интернетте жүр. Мен бұны алдында да айтқанмын. Сондықтан бұның барлығын өшіріп тастап, залдан шығарып жіберсе де болады", -деді адвока Есейбеков.
Есейбековтың өтінішін күдіктілер Боқанов Алмас, Жұмашов Ермек, Нұртаза Жанбақыт, Тоқташ Сапармұрат және олардың қорғаушылары Жамбылбаев Есимхан, Қарымсақов Қанат, Сарқытов Жанат, Тұрманбетов Қосанәлі қолдады. Прокурор Қыдырбек Ерлан судьяның өз қарауында қалдыруын сұрады.
Сотқа қатысқан жәбірленуші тараптың қорғаушысы Әсем Түсіпованың процестен кейінгі бізге айтуынша, судья Дүйсенбеков күдікті Боқанов Алмас пен Нұртаза Жанбақыттан жауап алынған соң да, жұмыс уақытының аяқталуына аз қалғанына қарамастан, үшінші күдіктіні тыңдамақ болған. Алайда Түсіпованың қарсылығымен тыңдауды 26 желтоқсан таңғы сағат 10:00-ге қалдырған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел