Сот Жанболат Мамай сөзіне саяси сараптаманы орта мектеп мұғаліміне тапсырды.
Кеше Жанболаттың адвокаттары сот тағайындаған сарапшы Роза Ақбароваға қарсылық танытқан арызы қаралды. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, бұл маманның тиісті білімі жоқ, ол саясаттанушы емес. Сот сараптама орталығына дейінгі жұмыс орны бастауыш сынып оқытушысы. Қарағанды университетінде сәйкесінше педагогикалық білім алған. Ал сол “сарапшы” Ақбарованың қорытындысымен 2012 жылы саясаткер Владимир Козлов, Нұр Отанға қарсы шыққан Alnur Ilyashev, күні кеше саяси тұтқын Данат Намазбаев сотталды. Яғни, билік жазықсыз адамдарды соттау үшін бұл “маманды” пайдалануды әбден әдеттенген.
Ал оған қарсылық танытқан Жанболаттың жақтастары саясаттанушы Шалқар Нұрсейітовті (Философия және саясаттану факультеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), медиа және стратегиялық коммуникация магистрі (MA in Media and Strategic Communication, George Washington University) ұсынған. Алайда, Мамайдың жақтастары судьяның Джордж Вашингтон университеті түлегін емес, орта мектеп мұғалімін таңдағанына қапалы.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес