Ресейдегі оппозициялық саясаткерлер, экс-депутат Илья Яшин Ресей әскерилерінің Бучадағы бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған қанды қырғыны туралы айтқанын «жалған ақпарат» таратты деген судья Оксана Горюнова оны сегіз жарым жылға түрме жазасына кесті.
Ресейдің Украинаға басып кіргенін сынайтын санаулы адамдардың бірі Яшин өзінің соғысқа қарсылығын үнемі айтып келе жатқан.
Ол сәуір айында өзінің YouTube арнасында «Ресей Украинаның Буча қаласында әскери қылмыс жасады» деген ақпаратты айтқаны үшін қамауға алынған.
Бұған дейінде Путиннің Украинаға шапқыншылығын сынаған біраз ресейліктер қамауға алынған. Кейбіреулері елден қашып кетуге мәжбүр болған. Яшиннің солардың ішіндегі жазасы әзірге ең ауыр жазаға тартылығаны. Ол өзіне тағылған айыппен келіспейді.
Мамыр айында Илья Яшинге Ресей армиясының беделін түсіру бабы бойынша төрт хаттама жасаған. Мамыр айының соңында олардың үшеуі үшін сот экс-депутатқа әр хаттама үшін 30 000 рубль көлемінде айыппұл салған.
28 маусымда саясаткер полицияға қарсылық көрсеткені үшін 15 тәулікке қамауға алынған, ал 12 шілдеде оның үстінен «Ресей қарулы күштері туралы көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған болатын.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі