Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты сынаған оппозициялық шешен блогері Тумсо Әбдірахмановты Швецияда өлтіріп кетті. Бұл туралы 1ADAT телеграм-арнасы "Еуропа мен Шешенстандағы дереккөздер" мәліметіне сүйене отырып хабарлады, -деп жазды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Блогердің жақтастары Азаттық радиосына мәліметті растады.
Швеция құқық қорғау органдары әзірге мәліметке қатысты ақпарат таратпады.
Телеграм-арна мәліметінше, Әбдірахмановты Швецияда 2 желтоқсанға қараған түні атып кеткен. "Оны өлтіріп кеткенін растайтын сенімді ақпарат алдық, ал оның бауыры Мұхаммадты арнайы қызмет жасырып қойды", - деп жазды оппозициялық телеграм-арна.
Тумсо Әбдірахманов пен оның бауыры, адам құқықтарын қорғаушы Мұхаммад Әбдірахманов байланысқа шықпай қалғаны 2 желтоқсанда мәлім болды. Сол кезде оларды өлтіріп кетуі мүмкін деген болжам айтылған.
Тумсоның телеграм-арнасындағы соңғы жазба 30 қарашада кешке жарияланған.
2020 жылғы ақпанда Тумсо Әбдірахмановқа Швециядағы пәтерінде шабуыл жасалды. Блогер шабуылдаушының қаруын тартып алып, полиция шақыртқан. Осы іске қатысты үкім 2021 жылғы қаңтарда шықты. Сотталушы - Ресей азаматы.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы