Қырғызстан парламенті Азат Еуропа/Азаттық радиосының қырғыз қызметі "Азаттық медиа" журналистеріне берілген аккредитацияны уақытша тоқтатты,-деп жазды Азаттық радиосы.
Бұл жөнінде 16 қарашада парламенттің баспсөз қызметі хабарлап, оның себебін мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің Азаттық сайтын екі айға бұғаттуымен түсіндірді.
Жогорку Кеңештен хабар тарату үшін журналистер парламенттің баспасөз қызметінен аккредитация алуы тиіс.
26 қазанда Қырғызстеннің ақпарат министрлігі "Азаттық медиа" қызметінің веб-сайтын екі айға жабу туралы шешім шығарған.
31 қазанда радионың "Демирбанктағы" есебі ескертусіз Азаттықтың есеп-шотын бұғаттаған. Бірінші радио техникалық себептерді алға тартып, Азаттық хабарларын таратуды 23 қазаннан бастап тоқтатты. 13 қарашадан бастап НТС каналы Азаттықтың теле және радио хабарларын әуеден шығармай тастады.
Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джейми Флай Азаттық радиосы сенімді, шынайы ақпарат бұлағы екенін және ешбір кедергісіз жұмыс істеуіне рұқсат берілуі тиіс екенін мәлімдеген.
Бірқатар халықаралық ұйымдар қырғыз билігін "Азаттық медианың" сайтына және банк есеп-шотына қойылған бұғатты тезірек алып тастауға шақырды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді