17 қарашада Қырғызстанда Ош облысына қарасты Үзген ауданының әкімшілік ғимараты алдына ондаған адам жиналып, биліктен Кемпірабад су қоймасы жерлерін Өзбекстанға бермеуді талап етті. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Олар ел президенті Садыр Жапаровқа, парламент депутаттарына үндеу арнап, бұған дейін Өзбекстанмен жасалған келісімді мақұлдамауын сұрады.
Сонымен бірге, Үзгенде жиналғандар "Кемпірабад ісі" бойынша ұсталған белсенділер мен саясаткерлерді босатуын талап етті.
Бішкектегі М.Горький атындағы саябаққа дәл осында талаппен жиырма шақты адам жиналды.
Жогорку Кенеш бүгінқырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасындағы кейбір жер телімдері жөніндегі келісім-шартқа және Кемпірабад су қоймасының су ресурсын бірге басқару жөніндегі келісімді қарап жатыр. Парламент отырысында ҰҚМК төрағасы Қамчыбек Тәшиев баяндама жасады.
3 қарашада Бішкекте Қырғызстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрлері қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасындағы кейбір жер телімдері жөніндегі келісім-шартқа және Кемпірабад су қоймасының су ресурсын бірге басқару жөніндегі келісімге қол қойды. 14 қарашада Өзбекстан парламентінің заң шығарушы палатасы келісімді ратификациялады.
15 қарашада Жогорку Кенештің халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон мәселелері жөніндегі комитеті құжатты бірден үш оқылымда мақұлдады.
Қырғызстанда оппозиция жағындағы саясаткерлер мен белсенділер Өзбекстанмен келісімді қолдамай, Кемпірабад су қоймасының жерлерін көрші мемлекетке бермеуді талап етті.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді