Польша президенті Анджей Дуда Польшаның Пшеводув ауылына ракетаның құлауын "қасақана жасалған шабуыл емес" деп атады. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
15 қарашада Польшаның Пшеводув ауылына ракета құлап, екі адам қаза тапқан еді. Дуда Польшаға түскен ракета Украинаның зымырандарға қарсы жүйесіне ұшырылуы мүмкін деп отыр.
Польша президенті "бұл жағдайға 15 қарашада Украинаны ракетамен атқылаған Ресей жауапты" деді.
Кеше, 14 қарашада Ресей Украинаның 12 аймағы мен Киев қаласын ракетамен атқылаған. Украина қарулы күштері Балиде "Үлкен жиырмалық" саммиті өтіп жатқан тұста Ресей ракетамен шабуыл жасауы мүмкін деген еді. Кешкісін Польшаға да ракета құлағаны белгілі болған.
АҚШ президенті Джо Байден "Польшаға түскен ракетаны Ресей атуы екіталай" деген. Ал Associated Press агенттігі Пшеводув ауылына түскен ракета Украинаның зымыраннан қорғау жүйесінен жіберілуі мүмкін деп жазған.
Ал Ресей қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенков ресейлік мамандар Польшада ракета құлаған жердің фотосын тексере келе, ракета украиналық әскерилерге тиесілі екенін анықтады деген.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес