Ол туралы бүгін пресс-конференция өткізіп, комиссия мүшелері Лорд Макдональд, Ривер Главен Кт КС, Комиссия төрағасы, Ернар Кенжебаев, Жанболат Мамайдың адвокаты, Евгений Жовтис, адам құқылары мен заң үстемдігі бойынша Қазақстан халықаралық бюросының директоры және ағылшын адвокаты Тайаб Али, Партнер Bindmans LLP мәлімдеді.
Жоғары лауазымды британ парламентарийлері Қазақстандағы оппозициялық демократиялық партияның лидері, журналист, белгілі саясаткер Жанболат Мамайдың ұсталғаны мен оған қарсы не істегенін зерттеп, тергейтін үкіметтік емес комиссия құру туралы ұсыныс тастады.
Мамай мырза, билік өзіне 2022 жылы қаңтардағы газ бағасының көтерілгеніне қарсы шыққан наразылықтарды ұйымдастыруға қатысы бар деген айып таққан соң, 2022 жылдың ақпан айынан бері қамауда отыр. Үкімет халықтың наразылығына репрессиямен жауап беріп, «Қанды қаңтар» атанып кеткен қырғынның нәтижесінде 238 адам қаза тапқан болатын.
Мамай мырзаның жақтастары оның қамалғанын, ұсталып, сот арқылы қудалануын Қазақстан билігінің оппозиция дауысын тұншықтырғаны деп санайды.
Құқық қорғаушы Халықаралық Human Rights Watch және Amnesty International Мамайды тез арада босатып, оған таққан айыптарды алып тастауды талап еткен еді.
Комиссия төрағасы лорд Макдональд, кәзір министр портфеліне ие болған, кқмиссияның бұрынғы мүшесі Эндрю Митчел және парламент мүшесі Рушанара Али 11 қазан күні Лондондағыц Қазақстан елшілігіне ресми түрде хат жіберіп, онда өздерінің жоспарындағы Қазақстан сапары барысында үкіметтің бұл Комиссия жүргізбекші тергеу жұмыстарына қатыса отырып, Мамайдың өзінен және басқа да маңызды куәгерлерден жауап алуға көмек көрсетуін сұрайды. 20 қазан күні Комиссия, Комиссия мен Қазақстанның өзара іс-әрекеті барысын пысықтап алу мақсатында, республиканың Лондондағы елшілігінде Қазақстан өкілдерімен кездескен болатын.
Қазіргі уақытта Комиссия Мамай мырза мен басқа да саяси тұтқындардың қалай ұсталып, олармен не болғаны туралы айғақ-дәлелдерді алып, зерттеу процесі үстінде. Комиссия куәгерлер, қазақстандық құқық қорғаушы топтар, халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар жіберген барлық куәліктерді, айғақтарды, үшінші бір мемлекеттің берген есептерін қарастырады. Биыл жыл соңында Комиссия бар куәгерлердің өздерін тыңдау үшін ашық мәжіліс өткізуді жоспарлап отыр. Комиссияға куәлікті www.inquirycommission.com. Веб-сайты арқылы жібере аласыздар.
Комиссия Қазақстандағы құқық қорғаушы топтар жинаған, 2022 жылдың қаңтар наразылықтарына қатысты айғақ-дәлелдерді қарастырады. Құқық қорғаушылар президент Тоқаевтың тікелей эфирде наразы халықты «терроршы», «содырлар» деп атап, күштік құрылымдарға «ескертусіз оқ атуға» бұйрық бергенін, оларға берілмегендердің көзін жоюға өкілет бергенін аса қатыгездік санайды.
Биліктің бұл әрекетінің нәтижесінде 238 адам өліп, жүздегені жарақат алды. 10 000-нан астам адам қамауға алынды. Көптеген адам әлі күнге «із-түзсіз кеткендер» санатында. Қаңтар оқиғасына қатысты халықаралық тәуелсіз тергеу жүргізуге шақырған үндеулерді Қазақстан билігі назарына алар емес.