Украина президенті Владимир Зеленский Ресей армиясының Херсон облысындағы Кахов су электр станциясын миналап тастағаны жөнінде ақпарат түскенін айтты, -деп жазды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Бейсенбі күні Брюссельде Еурокеңес отырысына онлайн қатысқан Зеленский осылай деп мәлімдеді.
"Бізде ресейлік террористердің су қоймасы мен Кахов су электр станциясының агрегаттарын миналап тастағаны жөнінде ақпарат бар. Бұл елдегі ірі энергия нысандарының бірі. Су қоймасында 18 млн текше метр су бар. Егер ресейлік террористер су қоймасын жарса, 80-нен астам елді мекенді су басуы мүмкін" деді Зеленский. Оның сөзінен "Интерфакс-Украина" агенттігі үзінді келтіреді.
Украина президентінің айтуынша, жарылыс болған жағдайда елдің оңтүстігіндегі сумен қамтамасыз ету жүйесіне нұқсан келеді. Бұған қоса, Еуропадағы ең ірі Запорожье атом электр станциясы реакторларын суытатын су қалмай қалады. Оған су Кахов су қоймасынан алынады.
Зеленский Кахов су электр станциясына халықаралық миссияны жіберіп, ол жаққа украин қызметкерлерін қайтару қажеттігін атап өтті.
Кахов су электр станциясындағы бөгет – Ресей бақылауында қалған Днепрдегі өткелдердің бірі. Америкалық Соғысты зерттеу институты (ISW) жуырда жариялаған талдауында Ресей әскері Херсоннан шегінген кезде қала мен маңындағы елді мекендерді су астында қалдыру үшін су қоймасын жарып кетуі мүмкін деп мәлімдеген.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел