Бүгін Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйінде бір топ азамат демократиялық күштер коалициясын құрып үндеу жасап жатқан тұста «Oyan, Qazaqstan» қозғалысы да кезектен тыс президент сайлауына қатысты өз мәлімдемелерін жасады.
Саяси реформа талап етуші Oyan, Qazaqstan қозғалысының сайлауға қатысты мәлімдемесі
Біз, Қазақстандықтар — еркіндік пен бейбітшілікті сүйетін, өз болашағымызды өзіміз бағдарлай алатын азаматтармыз! Бәріміз әділ сайлау мен ашық саяси жүйеге лайықтымыз деп санаймыз.
Сондықтан біз бұл президенттік сайлауды заңды деп танымаймыз. Мерзімінен бұрын және асығыс сайлау әділетті бола алмайды.
Біз кезектен тыс сайлауды, оның нәтижелерін мойындамаймыз және барлық отандастарымызды соған шақырамыз.
Біз нақты өзгерістерді қалаймыз және ол өзгерістер саяси реформалардан, қуғын-сүргіннен бас тартудан, құқықтар мен бостандықтарды басып-жаншудан бас тартудан басталу керек деп санаймыз.
Осыған байланысты біз мыналарды талап етеміз:
1. Сайлау жүйесінің толық реформасы өтпейінше кезектен тыс президенттік сайлаудан бас тартуды талап етеміз.
2. Сайлау жүйесін реформалау және президенттік, парламенттік және мәслихаттар сайлауын өткізу ережелерін өзгерту қажет. Реформа халықаралық стандарттарға және елдің демократиялы қоғамда әділ сайлау өткізу жөніндегі міндеттемесіне сәйкес жүргізілуі тиіс.
3. Президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптарды жеңілдету қажет.
4. Саясатқа қатысуға барлық азаматтарға мүмкіндік берілуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша биліктің негізгі қайнар көзі — халық.
5. Барлық саяси тұтқындарды және Кантарда қатысқаны үшін қуғынға ұшырағандарды, соның ішінде заңсыз ұсталған Жанболат Мамайды босатуды талап етеміз!
Билікті Назарбаевтың әдісімен басып алу баяғы нәтижеге, яғни кедейшілік пен қантөгіске әкелетінін Қасым-Жомарт Тоқаев түсінуі керек.
Тек барша қазақстандықтардың ел басқаруға қатысуы гүлденген, қуатты елге апарар жол.
Оян, Қазақстан!, – деген мәлімдеме жасады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді