Ресей Еуропаға газ жөнелтіп жатқан магистралдық құбырға жөндеу жұмыстарын жүргізуді сылтауратып тоқтатып тастады. Бұл жөнінде батыстық БАҚ жазып жатыр.
Ресейлік мемлекеттік энергетикалық алпауыт Газпром «Солтүстік ағын 1» құбырына қойылған шектеулер алдағы үш күнге созылады деп мәлімдеді.
Бүгінде газ экспортын айтарлықтай қысқартқан Ресей энергия көздерін Батыс елдеріне қарсы соғыс қаруы ретінде пайдаланды деген айыптауларды жоққа шығарады.
«Солтүстік ағын 1» құбыры 2011 жылы ашылған. Құбыр Германияға тәулігіне 170 миллион текше метрге дейін газ жібере алатын. Ол Балтық теңізінің астымен Санкт-Петербург маңындағы Ресей жағалауынан Германияның солтүстік-шығысына дейін 1200 км созылады.
Шілдеде құбыр 10 күнге жабылды - Ресейдің мәліметінше, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін - және Ресей ақаулы жабдық деп сипаттайтындықтан, жақында ғана 20% қуаттылықпен жұмыс істеп тұр.
Газпром бұған дейін Францияға газ жіберуін де тоқтатөын болатын. Бұл алда келе жатқан қыс айларында үлкен қиындықтар алып келуі мүмкін.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті