Украина президенті Зеленскийдың видео үндеуі, Ресей Запорожье станциясы арқылы бүкіл әлемді бопсалап отыр, «Үлкен жетілік» және БҰҰ Ресейге ескерту жасап, Запорожьеден дереу шығуын талап етті, -деп жазды BBC  агентігі.

Алты ядролық реакторлы Запорожье атом электр станциясы Украинаның оңтүстігіндегі Днепр өзенінің шығыс жағалауында Энерходар қаласында орналасқан. Наурыз айында орыс әскері басып алғаннан бері соғыс базасына айналдырғаны үшін айыпталып келеді. соңғы күндері екі ел де станцияға оқ атқаны үшін БҰҰ ның ядролық апат туралы ескертуін алды.Ресей зауытта қандай да бір заң бұзушылықтың бар екенін жоққа шығарып, ұрыс кезінде радиоактивті материалдардың ағып кетуіне жол бермеу үшін зауытты бақылауға алғанын айтады.
Сенбі күні кешке видео үндеу жасаған Зеленский мырза Ресейдің үнемі арандатушылықтар жасап отырғанын, жақын маңдағы қалаларды атқылау үшін стансаны пайдаланып отырғанын, зауытқа оқ атқан кез-келген Ресейлік сарбаз соғыстың ерекше нысанасы болатынын ескертті. Сондай-ақ Ресей Запорожье станциясы арқылы бүкіл әлемді бопсалап отыр деді. Украинаның қорғаныс барлау агенттігі де Ресейді Киевтің беделін түсіру үшін «Пион» өздігінен жүретін ауыр артиллерияны жақын маңдағы қала сыртына қойып, оған Украина туын тігіп арандатушылық жасады деп айыптады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш зауыттағы жағдай «апатқа әкелуі мүмкін» деп ескертті және Бейсенбіде «Үлкен жетілік» өнеркәсіптік демократиялар тобының сыртқы істер министрлері Ресейден зауыттан дереу шығуды талап етті.

Н.Байтұрсын